Мазмұнға өту
Тарих
Тәуелсіздік

Ермұхан Бекмаханов

Тарихшы, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы · 1915–1966

Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов

Ермұхан Бекмаханов — тарихшы, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы. Баянауыл өңірінде туып, Воронеж педагогикалық институтын бітірді. Соғыс жылдары Алматыға көшірілген ғалымдармен бірге «Қазақ КСР тарихының» 1943 жылғы басылымын әзірлеуге қатысты. 1947 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалысты ұлт-азаттық күрес ретінде бағалаған «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында» монографиясын жариялады. Бұл еңбек саяси сынға ұшырап, ғалым 1952 жылы тұтқындалып, 25 жылға сотталды. 1954 жылы босатылып, Қазақ мемлекеттік университетіне оралды, Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды, мектеп оқулықтарын жазды. 1962 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

Жетістіктері

  • «Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында» монографиясы (1947)
  • Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы
  • ҚазМУ-дағы Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі
  • Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі (1962)

← Барлық тұлғалар